Өмірбек Бабанов Қырғызстанның премьер-министрі болуы мүмкін

Саясат
09.10.2020, 13:05

Вице-премьерлікке Тілек Тоқтоғазиевтың кандидатурасын ұсынды

Өмірбек Бабанов Қырғызстанның премьер-министрі болуы мүмкін
фото: sputnik.kg

Қырғызстанның төрт партиясы премьер-министр қызметіне Өмірбек Бабановтың, ал вице-премьерлікке Тілек Тоқтоғазиевтың кандидатурасын ұсынды. «Республика», «Ата Мекен», «Бір Бол» және «Реформа» партиялары «Ақырғы Үміт» меморандумына қол қойды. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлайды. 

«Біз елде тұрақсыздық бар екенін көріп отырмыз, не болып жатқаны белгісіз, сондықтан біз ресми түрде біріктік. Партия көшбасшылары меморандумға қол қойды», - деп атап өтті Тілек Тоқтоғазиев.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қырғызстанда өткен президент сайлауында Өмірбек Бабанов дауыс саны бойынша екінші орын алыпп, кейін Қырғызстаннан кетіп, саясаттан алыстайтынын мәлімдеді. Кейін Бабановтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды: ол арандатушылық мәлімдемелер жасады және билікті күшпен басып алуға дайындық және жаппай тәртіпсіздіктер жасады деп айыпталды.

2020 жылдың 9 тамызында Бабанов Қырғызстанға қайта оралды.

Сұхбат

PhotoRoom