Мырзахметов оңтүстік халқына есеп береді

Аймақ
03.02.2015, 17:34

18 ақпанда сағат 11.00-де Шымкент қаласындағы «Түркістан» Салтанат сарайында облыс әкімі Асқар Мырзахметов былтырғы жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп береді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз-қызметі хабарлады

Өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде облыстық газет редакцияларына жолдауларыңызға немесе аудан, қала және ауылдық округ әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, облыс әкімдігіндегі 39-23-77; 35-51-48 телефон номерлеріне қоңырау шалып сауалдарыңызды қоюға немесе akimgesaual@gmail.com электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз. Тұрғындардан түскен талап-тілектерді іске асырудың іс-шаралар жоспары түзіліп, БАҚ беттерінде жарияланатын болады. Облыс әкімінің халық алдындағы есебі қарсаңында «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінде «Облыс әкімінің поштасына» айдары ашылып, облыс тұрғындарының ұсыныс-пікірлері жарияланып тұрмақ. Ол үшін мына телефон номерлеріне: 53-54-62 («Оңтүстік Қазақстан» газеті), 53-54-25 («Южный Казахстан» газеті) хабарласуларыңызға немесе газет редакцияларына хат жолдауларыңызға болады.

Сұхбат

PhotoRoom