Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған 4 өңірді атады

Экономика
13.10.2020, 10:23

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңге болған

Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған 4 өңірді атады
Фото: zakon.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады. Ведомство басшысының айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңге болған. Игерілмеген қаржының сомасы - 30 миллиард теңге.

«Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге тоқталды.

«Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы - 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы - 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 0,5 миллиард теңге», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom