Алматыда пирамидалық чат құрған апалы-сіңлілілер ұсталды

Аймақ
19.10.2020, 11:19

Олар пирамидалық чат құрып, ақша жымқырумен айналысқан

Алматыда пирамидалық чат құрған апалы-сіңлілілер ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы облысының апалы-сіңлілі екі тұрғыны пирамидалық чат ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Олар қаржылық чатта жиналғандардың ақшасы көбейіп отырады деп алдаған. Шын мәнінде салымшылардың ешқайсысы ақша алмаған.

«Біздің бөлімшенің тергеушілері WhatsApp арнайы қаржылық пирамида чатын құрған апалы-сіңлілердің ісін тергеп жатыр. Олар салымшыларға ірі көлемде табыс түседі деп алдаған. Қыздар әлеуметтік желіде мүмкіндік іздеген, табысқа мұқтаж адамдарды іздеген. Танысқан соң бизнес жобасын көрсетіп, сол арқылы ақша табуды ұсынған. Олармен сенімді қатынас орнатқан соң ай сайын тұрақты табыс табуға болатынын айтқан. Бастапқыда 100 мың теңгеден кем салмаған жағдайда 1 айдан соң 150 мың теңге табыс түседі деп уәде еткен. Ақша арнайы шотқа түскен соң ешкімге қайтпаған. Осылайша табыс таппаған 76 адам полицияға арызданды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімімен тергеу ісі басталды», - деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Апалы-сіңлілі тұрғындардың әрекетінен әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom