Қазақстанда құс тұмауынан 874 мың құс қырылды

Жаңалықтар
20.10.2020, 09:46

Құстардың қырылуы азайған

Қазақстанда құс тұмауынан 874 мың құс қырылды
Фото: ашық дереккөзден

Патогенді құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

«2005 жылдан бері саламатты болып келе жатқан республикада құс тұмауы тіркелді. 2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде құстардың өлім-жітімі тіркелді. Оның ішінде 7 облыста жоғары патогенді құс тұмауына күдік немесе расталған жағдайлар орын алды. Жеке аулаларда 26,5 мың құс, 3 құс фермасында 847,4 бас қырылды. Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан барлығы 873,9 мың құс қырылып, бұл жалпы құстардың 1,9 пайызын құрады», - деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде жеті облыстағы жеке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтап, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайды. Ауру құстарды жою және олардың иелеріне құнын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom