Тоқаев жаңадан құрылған агенттік төрағасының үш орынбасарын тағайындады

Рейтинг
21.10.2020, 11:45

9 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды

Тоқаев жаңадан құрылған агенттік төрағасының үш орынбасарын тағайындады
Фотода: Марат Омаров, Болат Сәмбетов және Рустам Ахметов

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Рустам Нұрланұлы Ахметов тағайындалды.

Сондай-ақ агенттік төрағасының орынбасарлары болып Марат Талғатұлы Омаров пен Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов тағайындалды.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңадан құрылған агенттікке тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

14 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom