Шымкент: Абай ауданында 49 топырақ көшенің 26,7 шақырымына шағал тас төселді

Аймақ
22.10.2020, 14:28

Ауданда 71,2 шақырымдық 146 көше шағал тас төсеуді қажет етеді

Шымкент: Абай ауданында 49 топырақ көшенің 26,7 шақырымына шағал тас төселді

Шымкент қаласының Абай ауданында биыл жол-құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жалпы жоба құны 17,7 млрд. теңгені құрайтын 99 көшеге 8,2 млрд. теңге қаржы бөлініп (9,5 млрд. теңгесі 2021 жылға), асфальт жол салу  жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, 30 көшеде орташа жөндеу, шалғай елдімекендердегі 20 көше және ішкі орамдық 29 көшеде құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Аудан аумағында жалпы 89,6 шақырым аяқжол болса, 2020 жылы әлеуметтік нысандарға баратын орталық 5 көшеге 8,1 шақырымға аяқжол салынды.

Ауданда 71,2 шақырымдық 146 көше шағал тас төсеуді қажет етеді. 2020 жылы бюджеттен 100,0 млн.теңге бөлініп, 49 топырақ көшенің 26,7 шақырымына шағал тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды. 2021 жылға қосымша 44,5 шақырым шағал тас төсеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы 125,8 шақырымдық 55 көше жарықтандырылған. 2020 жылға әлеуметтік нысандар орналасқан 13 көшеге жоба құны 342,3 млн.теңге қаржы бөлінді. Бүгінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, аудан аумағындағы елді мекендер мен шағын аудандарда 153 көшені жарықтандыру қажет. Оның 75-не қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына  ұсыныс жолданып, бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom