Шымкент: Абай ауданына 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған

Аймақ
22.10.2020, 14:17

Бюджеттік қаржының көлемі – 25,2 млрд теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі – 4,1 млрд теңгені құраған

Шымкент: Абай ауданына 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған

Биыл Абай ауданының инфрақұрылымына және кәсіпкерлік бағытын дамытуға 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр.

Бұл туралы Шы мкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баяндады.

Аудан әкімінің айтуынша, бюджеттік қаржының көлемі – 25,2 млрд теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі – 4,1 млрд теңгені құраған. 2021 жылы 12 млрд теңгеге жеке инвестиция тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауданда 17 мыңнан аса салық төлеуші бар екенін  мәлімдеді.  Бұл жылы олардан келіп түсетін түсімдердің өсу қарқыны байқалады. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 133 % құрап, 3,2 млрд теңгеге артығымен орындалған.

Айта кету керек, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты  жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 235% құрап,138  млн теңгеге артқан.

 

Сұхбат

PhotoRoom