Шымкент: Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру - басты назарда

Аймақ
23.10.2020, 16:43

«Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алған

Шымкент: Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру - басты назарда

Шымкент қаласында  752 білім беру ұйымында 26 708 педагог қызмет етеді.  Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептегі педагогтар саны – 15 578.

Бүгінде олардың 14761-і жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар, биыл  «Өрлеу» арқылы 8 288-і курстан өтті.

Одан өзге, «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алған.

Сондай-ақ, мектептерде 190 ұстаз робототехника курсын, 200 информатика пәні мұғалімі жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсын тәмамдаған.

Маусым-шілде айларында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жалпы 4879 педагог оқытылған. Ал, тамызда «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom