Биыл отанына оралған 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Әлеумет
26.10.2020, 10:19

Тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ отанына оралған

Биыл отанына оралған 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды
фото: gov.kz

1 қазандағы жағдай бойынша, 10,9 мың адам тарихи отанынан келіп, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.                                                                             

Қазақстанға оралған қандастардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден

Олар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.

Келушілердің 57,2%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, шамамен, 10,3%-ы зейнеткерлер. Қалған 32,5%- еңбекке қабілетті жастан кіші.

Сұхбат

PhotoRoom