Елордада бюджетке 1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпорын басшысы сотталды

Аймақ
27.10.2020, 11:36

Ол 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Елордада бюджетке 1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпорын басшысы сотталды

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атырауоблтяжстрой» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Тексеріс нәтижесіне сәйкес, кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сома салық төлеуден жалтарған.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom