Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

Жаңалықтар
28.10.2020, 12:35

Статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды
Нұрболат Айдапкелов, фото: finance.kz

Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов жақында құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Сондай-ақ жаңадан құрылған агенттікке Ұлттық экономика министрлігінің кейбір функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Нақтырақ айтқанда, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетін тиісті штат санымен бірге жаңадан құрылатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қарауына беріп, оны кейіннен Ұлттық статистика бюросы етіп қайта құрылды. 

Нұрболат Айдапкелов бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетін басқарды.

14 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom