Елордада ұзындығы 1 шақырымға жаңа жуық көпір салынады

Аймақ
28.10.2020, 16:46

Көпір сол және оң жағалаудың арасын жалғайды

Елордада ұзындығы 1 шақырымға жаңа жуық көпір салынады
Жаңа көпірдің эскизі: қалалық урбанистика орталығы әзірлеген

Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады. Жаңа көпір Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді. Көпір құрылысы келесі жылға жоспарланған.

Көпірдің жалпы ұзындығы - 910 м, ені – 36 м, шамдардың биіктігі - 5-тен 16 метрге дейін жететін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланысты.

Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендіріледі. Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауын жалғайтын болады.

«Тәуелсіздік даңғылынан жалғасатын жаңа көпір елордамыздың өткен тарихын бейнелейді. Көпір сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Сұхбат

PhotoRoom