2035 жылы қазақстандықтар қандай болады?

Әлеумет
04.11.2020, 14:46

Шетелдік және отандық сарапшылар қазақстандықтардың 15 жылдан соң қалай өзгеретінін айтты

 

2035 жылы қазақстандықтар қандай болады?
фото: brif.kz

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен форсайттық зерттеулер жүргізіп, 2035 жылы қазақстандықтардың бейнесі қандай болатынын анықтады.

Зерттеу жұмыстары 9 ай бойы Rapid Foresight (жылдам форсайт) әдістемесі бойынша болашақтағы қазақстандықтың бейнесін жасау және 2035 жылы әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның орнын анықтау мақсатында осы саладағы жергілікті және шетелдік сарапшыларды тарта отырып жүргізілді. Соның нәтижесінде ұсыныстардың барлығы түзіліп, алдағы 15 жылдықтың сценариі жасалды.

«Өзгерістер жылдамдығы, жаңа технологиялық шешімдердің пайда болуы, жаһандану кезеңі бүгінде әлемнің жаңа келбетін қалыптастырып жатыр. Яғни, бүгінгі және ертеңгі трендтер өзгерістерге жылдам бейімделе алатын жаңа типтегі адамдарлы қалыптастырады», – деді ресейлік сарапшы Евгений Виноградов.

Сарапшылар болашақ жас қазақстандықтың бірқатар маңызды қасиеттерін атап өтті. Біріншіден, ол кез келген жағдайда өмір сүруді және әрекет етуді біледі, өзін өзгертуге әрдайым дайын. Екіншіден, цифрлық номадтың өз жеке өсу бағдарламасы бар. Әлемнің кез келген трендттерін сіңіруге қабілетті және жаһандық деңгейде ойлай алады. Үшіншіден, жаңа буындағы қазақстандық қызметтің барлық саласында сандық жүйені пайдалана алатын «кибер-адам». Төртіншіден, болашақта қазақстандық позитивті коммуникация мен психикалық тұрақтылық дағдыларына ие болуы тиіс.

Конференцияға қатысқан скандинавиялық академиялық мобильділік институт жетекшісі Элина Ванхемпингтің айтуынша бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін цифрлік жүйе мен онлайн форматтағы жұмыстарды дамыту дамыту қажет. Ал өз кезегінде BTS Education ЖШС басшысы Саясат Нұрбек болашақтың өмірін анықтау мақсатында форсайт зерттеулерді тұрақты түрде жүргізіп отырған дұрыс дейді.

«Форсайттық зерттеулерді тұрақты түрде жүргізу отыру қажет. Өйткені зерттеу болашақты анықтауға, жақсы етуге және сол мақсатта жаңа шешімдер табуға мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында елімізде тұңғыш рет Форсайт зерттеулер өтіп, Қазақстанның көшбасшы сарапшылары Болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру, Инклюзивті қоғам мен инклюзивті дүниетанымды қалыптастыру және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны деген үш тақырыпта өткеннің, бүгіннің және ертеңнің басты трендтерін саралап, аталмыш салалар бойынша 2035 жылға дейінгі портретті талқылаған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom