Шымкент: Қаратау ауданындағы тұрғын алаптарда ауыз су жүйесі құрылысы жүргізілуде

Аймақ
13.11.2020, 14:56

Аталған тұрғын алаптар Шымкент қаласы аумағына қосылғаннан кейін, бюджеттен қайта қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді

Шымкент: Қаратау ауданындағы тұрғын алаптарда ауыз су жүйесі құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Қаратау ауданы аумағындағы ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты.

Қаратау ауданындағы «Сайрам», «Исфиджаб» және «Қызылсу» тұрғын алаптарында ауыз су құрылысы 2006 жылы басталып, құрылыс аяқталмаған.

Аталған тұрғын алаптар Шымкент қаласы аумағына қосылғаннан кейін, бюджеттен қайта қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда аумақтағы барлық жеке меншіктегі ауыз су жүйелеріне ақау актісі жасалып, Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары атқарылуда.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom