Шымкент: Еңбекші ауданында 62 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аймақ
14.11.2020, 14:55

Нәтижесінде бұл жылы 89,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент: Еңбекші ауданында 62 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында ұзындығы 613,2 шақырым жалпы саны 611-ді құрайтын даңғыл, көшелер мен өткелдер бар. Ондағы асфальт жол 407,5 шақырым (66,5%), шағал тас жол 182,8 шақырым (29,8%), топырақ жол 22,9 шақырымды (3,7%) құрайды.

Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте жолдарды асфальттау жұмыстары бойынша басымдық шалғай аумақтарға беріліп жатқанын жеткізді.

- Аудандағы жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, көшелердің тізімі сызбаларымен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды. Нәтижесінде бұл жылы 89,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 0,5 шақырымды 1 көшеге күрделі жөндеу, 61,6 шақырымды құрайтын 62 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 23,5 шақырымды құрайтын 16 көшеге аяқ жол орнату, 8,9 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, - деген Ғалымжан Молдабайұлы жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын мәлімдеді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom