Қазақстанның Қырғызстанға не көмек жіберетіні белгілі болды

Жаңалықтар
17.11.2020, 09:46

Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі

Қазақстанның Қырғызстанға не көмек жіберетіні белгілі болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.

Еске салайық, жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сұхбат

PhotoRoom