Шымкент: Қаратау ауданында биыл 4 ірі көшеде күрделі жол жөндеу жұмыстары аяқталады

Аймақ
21.11.2020, 11:40

2021 жылы аудан аумағындағы 45 шақырымды құрайтын 54 топырақ көшеге шағалтас төсеу бойынша ұсыныс жолданған

Шымкент: Қаратау ауданында биыл 4 ірі көшеде күрделі жол жөндеу жұмыстары аяқталады
Фото: Серік Қосай

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

– Аудан аумағында жалпы ұзындығы 1 110 шақырымды құрайтын 1 272 көше бар. Осы жылы аудандағы 38 көше орташа жөндеуден өтуде. Одан бөлек, Азат, Ақжайық, Тұран, Нұртас және Қайтпас шағынауданында орналасқан 29 көшеге күрделі, ал 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Абзал Шымкентбайұлы.

Спикердің сөзіне сүйенсек, 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған облыстық маңызы бар Әл-Фараби, Ә.Темір, Ибрагим ата, Ю.Сареми көшелері осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, 2021 жылы аудан аумағындағы 45 шақырымды құрайтын 54 топырақ көшеге шағалтас төсеу бойынша ұсыныс жолданған.

Сұхбат

PhotoRoom