Nur Otan партиялық тізімін жариялады. Мәжіліске кімдер барады?

Жаңалықтар
26.11.2020, 17:35

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-дан аспады

Nur Otan партиялық тізімін жариялады. Мәжіліске кімдер барады?

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-дан аспайды. Мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.

Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы,  11-і – ғылым кандидаты.

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жасты құрады.

Еске сала кетейік, Nur Otan партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат, ал республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан аса адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ы қатысты.

Оның қорытындысы бойынша 6253 адам Nur Otan-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді.

Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ға дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ға дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.

Партиялық тізімдердің 24%-ын мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар.

Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі Nur Otan-ның партиялық тізіміне енді.

Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында Nur Otan партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді.

Партиялық тізімдегі 126 кандидаттың тізімін мына жерден көре аласыз. Праймериз қорытындысы бойынша 77 кандидат:

НҰР-СҰЛТАН

1. ИСАБАЕВ Бауыржан Абдрашитұлы («BI Group» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшес)

2. ПАВЛОВЕЦ Лариса Павловна (№ 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры)

3. МЕДЕТОВ Расул Махмудұлы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры)

4. ЖҮНІСОВ Алмат Асқарұлы («Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры)

АЛМАТЫ

5. ПЛАТОНОВ Артур Станиславович (Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

6. ТОРҒАЕВ Бекқали Нұрғалиұлы (Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)

7. СҮЛЕЙМЕНОВА Жұлдыз Досбергенқызы («Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДБҰ басшысы)

 8. КӨБЕЕВА Алтынай Орманқалиқызы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚБ негізін қалаушы, құрылтайшысы, директоры)

9. АВЕРШИН Константин Викторович («Red Dragon Almaty» ЖШС-нің Бас директоры)

10. АХМЕТОВ Мәди Абылайұлы («Jas Otan» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы)

11. ШАРДИНОВ Шухрад Ахметжанович («Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС-нің бас директоры)

ШЫМКЕНТ

12. ОСПАНОВ Берік Серікұлы (Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы)

13. ТАШҚАРАЕВ Ғани Әбдіғаниұлы (Қалалық мәслихаттың хатшысы)

14. БЕКЖАНОВ Берік Айдарбекұлы («Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)

15. ТАҢАТАРОВА Жадыра Нағашыбайқызы («Сайрам көмекші мектебі» КММ директоры)

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

 16. ҮЙСІМБАЕВ Асқарбек Съезбекұлы (Сандықтау ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)

17. ЕЛУБАЕВ Мәди Сағынтайұлы (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры)

18. БЕЗВЕРБНЫЙ Павел Николаевич («Орленок» ЖШС-нің директоры)

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

19. СЫДЫҚОВ Рахат Мажитұлы (Ақтөбе облысы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті)

20. ЕЛЕУОВ Ғалымжан Алмасбекұлы («DARU MEDICAL GROUP» ЖШС-нің бас директоры)

21. БЕРДАЛИН Аманғали Бисенбайұлы (Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары)

22. БҮРКІТАЛИН Асылжан Жаналыұлы («Jas Otan» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы)

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

23. АБСЕМЕТОВА Әлия Маратқызы («Uzyn.kz» ақпараттық сайтының бас редакторы)

24. ЖАСЫБАЕВ Ержан Бәкірбайұлы (Алматы облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы)

25. ӘЛІМБАЕВ Данияр Кенғазыұлы (Алматы облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы)

26. ТЕЛПЕКБАЕВА Жанна Тлеубекқызы («Прогресс» политехникалық колледжінің директоры)

27. ТӘЖМАҒАМБЕТОВА Мақпал Мазаковна («Жетісу» газетінің Қапшағай қаласы және Іле ауданы бойынша меншікті тілшісі)

28. ДИГАЙ Дамир Анатольевич (І.Жансүгіров атындағы университеті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің директоры)

29. КАРИМОВ Досан Елжанұлы («Алаколь Каримов Д.Е.» ДК директоры)

30. НЕСТЕРОВ Константин Михайлович (Текелі қаласы мәдениет үйінің директоры).

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

31. ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы («Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары)

32. НАҚПАЕВ Сәлімжан Жұмашұлы («Эмбамұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары)

33. БЕЙСҚАЛИ Толқын Ермекқызы (Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы)

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

34. ГЛАЗИНСКИЙ Алексей Юрьевич (Курчатов қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы)

35. ПАНЧЕНКО Игорь Иванович (Риддер қалалық мәслихатының хатшысы)

36. ҚАМАСОВА Зарина Айдарханқызы («Көздің микрохирургиялық клиникасы» ЖШС-нің директоры)

37. ТУМАШИНОВ Лұқбек Шабданұлы («Элхон» ЖШС-нің директоры)

38. САРПЕКОВ Азат Толқынұлы (Семей электротехникалық колледжінің директоры)

39. БЫКОВА Марина Юрьевна (KAZ Minerals «Шығыстүстімет» ЖШС-нің қаржы және экономика жөніндегі директоры)

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

40. МҰСАЕВ Мәден Тоқтарбайұлы (Мойынқұм ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)

41. ТӨЛЕПБЕРГЕН Мейрамбек Мылтықбайұлы («Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)

42. НҰРЫМОВА Гүлдара Алданышқызы («Мейірім» медициналық орталығы» ЖШС-нің директоры)

43. ОМАРОВ Гулам Мұхтарұлы (Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры)

44. ӨСЕРБАЕВ Сұлтан Мықтыбекұлы (Байзақ ауданы «Диқан» тірек мектебінің директоры)

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

45. ҚҰЛШАР Мәлік Иманқұлұлы (Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы)

46. ЖАҚСЫҒАЛИЕВ Жаңабек Жаңабайұлы (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті)

47. СҮНДЕТОВА Сабира Өмірғалиқызы (Тайпақ ауылдық ауруханасының меңгерушісі)

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

48. БИЖАНОВА Гүлнар Қадыржанқызы (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)

49. ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Берік (Ұлытау ауданының әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы)

50. ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің доценті)

51. БАСИН Вадим Борисович («АрселорМиттал Темиртау» АҚ атқарушы директоры)

52. АСАН Сүйіндік Юржанұлы («Nova Цинк» ЖШС-нің бас директоры)

53. БАДИНА Юлия Викторовна (Партияның Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

54. СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна («Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы)

55. АҚЫШЕВ Самат Сағынбайұлы («Қостанай минералдары» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы)

56. ЖАҢБЫРШИНА Қырмызы Сапарқызы («Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры)

57. АГАЙСИН Адиль Темиргалиевич («ССКӨБ» АҚ жастар саясаты жөніндегі менеджері)

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

58. КЕСЕБАЕВА Балаим Туғанбайқызы (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)

59. ӘБИБУЛЛАЕВА Аида Ибрагимқызы («Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры)

60. АМРЕЕВ Ғалым Махмутбайұлыч («БАЙҚОҢЫР» ӘКК» АҚ тәуелсіз директоры)

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

61. МҰСАБАЕВ Самат Базарбайұлы («Корпорация «Каспий Строй-Сервис» ЖШС-нің директоры)

62. ҚАЗАҚБАЕВ Оспан Даденұлы («Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС-нің бас директоры)

63. ЖАҢБЫРШИН Еділ Терекбайұлы («Азия Техно Сервис» ЖШС-нің директорының орынбасары)

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

64. БОЙЧИН Анатолий Васильевич («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры)

65. ҚАЙДАРОВА Гүлнар Шамарқызы («Завод Гофротара» ЖШС-нің директоры)

66. ШҰҒАЕВ Жанат Рашитұлы (Павлодар ауданының әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы)

67. АЙТЫШЕВ Данияр Дәуренұлы (Партияның Тереңкөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

68. КОЛОДА Дмитрий Владимирович («Заң қызметтері орталығы» ЖШС-нің директоры)

69. ОРАЗАЛИН Есжан Кабиевич («СОЛТҮСТІК» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы)

70. ЗЕНЧЕНКО Геннадий Геннадьевич («Зенченко и К» КС директоры)

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

71. ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы (Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты)

72. АБАСОВ Қайнар Бегалиұлы(«Хлопкопром – Целлюлоза» ЖШС-нің директоры)

73. ЕРТАЕВ Сырым Махамбетұлы («Қайып ата» ЖШС-нің директоры)

74. ҚҰРМАНБЕКОВА Гүлжан Мамытқызы  (Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі)

75. БАҚЫТЖАНОВА Мөлдір Бақытжанқызы (Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясы ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі)

76. ҚОЖАБАЕВ Хайрулла Байділдаұлы («Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ Басқарма төрағасы)

77. ЖҰРЫМБЕТОВА Ұлжанат Серікбайқызы («Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері)

Орталық партиялық квота бойынша 49 кандидат:

1. АБАҚАНОВ Елдос Нұрболұлы («Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі Басқармасы төрағасының орынбасары)

2. АДАМБАЕВ Сырым Жұматайұлы («Азиялық Газқұбыры» ЖШС бас директорының кеңесшісі)

3. АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы («Eurasia Blockchain Fintech Group Limited» Бас директоры)

4. ӘШІМЖАНОВ Жанарбек Садықанұлы («Ana tili» газетінің бас редакторы)

5. БАЙБЕК Бауыржан Қыдырғалиұлы («Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары)

6. БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы («Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы)

7. ДҮЙСЕНОВА Тамара Босымбекқызы (Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі)

 8. ЕРМАН Мұхтар Тілдәбекұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

9. ЕСІМ Ахметжан Смағұлұлы («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы)

10. ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

11. ЖУЛИН Юрий Викторович («Nur Otan» партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары)

12. ЗӘКИЕВА Динара Болатқызы (Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық» корпоративтік қорының басшысы)

13. ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

14. КАЗАНЦЕВ Павел Олегович (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

15. КАМАЛИЕВ Берік Сайлауұлы (Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі)

16. КИМ Вера Александровна («Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ Төрағасы)

17. КУЧИНСКАЯ Юлия Владимировна («Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры)

18. ҚАРАТАЕВ Фахриддин Әбдінабиұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

19. ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

20. ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы)

21. ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы («Еуразиялық даму банкі» Басқармасы төрағасының орынбасары)

22. ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы (Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі)

23. МАМИН Асқар Ұзақбайұлы (Қазақстан Республикасының Премьер-министрі)

24. МУСИН Қанат Сергейұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

25. МЫҢБАЙ Дархан Қамзабекұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

26. НАЗАРБАЕВА Дариға Нұрсұлтанқызы (Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры)

27. НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы)

28. НҰРБЕК Саясат («BTS Education» ЖШС бас директоры)

29. НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

30. НҰРОВ Қанат Ильяұлы («Аspandau» ғылыми-білім беру қорының президенті)

31. НҰРМАНБЕТОВА Жәмила Нүсіпжанқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

32. ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы («Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары)

33. ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

34. РАЗЗАҚ Нәзиля Раззақбайқызы («Nur Otan» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі)

35. РАҚЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы («Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы» ММ директоры)

36. РАМАЗАНОВА Ләззат Керімқұлқызы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы)

37. РАУ Альберт Павлович (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

38. САЙЫРОВ Ерлан Бияхметұлы (Еуразиялық интеграция институтының директоры)

39. САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

40. САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы («Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы)

41. САРЫМ Айдос Әміроллаұлы (Қоғам қайраткері, саясаттанушы)

42. СИМОНОВ Сергей Анатольевич (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

43. СМАҒҰЛ Бахытбек (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

44. СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары)

45. ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы (Нұр-Сұлтан қаласы «Карате-до шито-рю Федерациясы» ҚБ басшысы)

46. ТОҒЖАНОВ Ералы Лұқпанұлы (Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары)

47. ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

48. УНЖАКОВА Ирина Сергеевна

(Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты)

49. ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадьевич (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты). 

Тегтер:
Нұр Отан

Сұхбат

PhotoRoom