Шымкентте шағын инвазивті ота жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде

Аймақ
28.11.2020, 10:55

Қараша айының 26-28 аралығында Шымкентте ақтаулық әріптестермен бірлескен эндоскопиялық гемитиреоидэктомия, лапароскопиялық асқазан резекциясы, жатыр ампутациясы, нефрэктомия және уретролитотомия оталарын жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде

Шымкентте шағын инвазивті ота жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде
Фото: Береке Сейітжаппар

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкент қаласында 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында емханаларға тіркелу науқаны аясында 19 мыңнан аса адам еркін таңдау құқығын пайдаланды. Оның ішінде 11 186-сы қағаз жүзінде, қалғаны электронды үкімет веб-порталы арқылы өтініш берді. Бұл ретте еркін тіркеу науқанына 42 алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымы қатысты. Ал коронавирустық инфекциясы жайлы айтсам, бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзіне сүйенсек, қараша айының 26-28 аралығында Шымкентте ақтаулық әріптестермен бірлескен эндоскопиялық гемитиреоидэктомия, лапароскопиялық асқазан резекциясы, жатыр ампутациясы, нефрэктомия және уретролитотомия оталарын жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom