Шымкент: Биыл «7-20-25» бағыты бойынша 1 292 отбасы тұрғын үймен қамтылған

Аймақ
24.11.2020, 17:37

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізіміне 40 752 адам тіркелген

Шымкент: Биыл «7-20-25» бағыты бойынша 1 292 отбасы тұрғын үймен қамтылған
Фото: Береке Сейітжаппар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың əлеуметтік əл-ауқаты, ең алдымен, баспана мəселесіне тікелей байланысты. Кезекте тұрған адамдардың баспана мəселесін тезірек шешу керек», – деді. Осы орайда Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповтің қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізіміне 40 752 адам тіркелген. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 596 арендалық пәтер берілді. Аталған бағдарламаның «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша 285 отбасы әлеуметтік несиелендіру шартымен, ал «7-20-25» тұрғын үй бағытында 1 292 азамат тұрғын үймен қамтылды. Бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға жұмсау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Ғалымжан Әнуарұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалуы кезінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру үшін «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылған.

Айта кетейік, азаматтар тұрғын үй алу тізіміне «Е-gov» электрондық порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ ҚЕ арқылы тіркеле алады.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom