Шымкент: Көкбұлақ елдімекені сапалы интернетпен қамтылуда

Аймақ
25.11.2020, 10:15

Цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғын алапқа, №118 мектептің қасынан арнайы жер белгіленіп, базалық станцияның негізі құйылды және баған орнатылды

Шымкент: Көкбұлақ елдімекені сапалы интернетпен қамтылуда

Бүгінде бүкіл ел аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі болып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласы аумағында байланыс сапасына талдау жүргізу барысында мобильді байланыс және интернет жылдамдығы төмен шағынаудандар мен тұрғын алаптар анықталды.

Қазіргі таңда Шымкент қалалық Абай ауданы Көкбұлақ елдімекенінде инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы мен интернет желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғын алапқа, №118 мектептің қасынан арнайы жер белгіленіп, базалық станцияның негізі құйылды және баған орнатылды. Жұмыстар желтоқсан айының 20-сына дейін аяқталады.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алапқа келіп, интернет және су мәселесі жақын арада шешімін табатынын тұрғындарға жеткізген болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom