Шымкент: Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін велостанциялардың саны артуда

Аймақ
25.11.2020, 18:13

Шымкентте осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана аялдама орнатылды

Шымкент: Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін велостанциялардың саны артуда
Фото: Береке Сейітжаппар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру, электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы етуді тапсырды. Осы бойынша Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Шымкентте осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана аялдама орнатылды. Одан бөлек, 145 ескі аялдаманы қайта жасап, қала сыртындағы елді мекендерге орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 430 орындық 40 велостанция жұмыс істеуде. Яғни, тұрғындарға салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасалуда. Соның бірі ретінде магистралды көшелерде (Республика даңғылы, Т.Рысқұлов, Түркістан, Жангелдин, Асқаров көшелері) велосипедшілерге арналған жолдар салынып жатыр, – деді Ержан Жақсылықұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың 3 кезеңнен тұратын құрылысы 15 қазаннан басталған. Яғни, 1-кезеңде жоспарланған жұмыстың 20 пайызы істелініп, 500 метр газ және су құбырларын жылжыту жұмыстары орындалған. Сонымен қатар уақытша жоғары вольтты электр желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айынан бастап жолаушылар қаладағы қоғамдық көліктерде электронды «Төлем» билетін пайдалануда.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom