Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды

Аймақ
10.12.2020, 15:07

«Көкбұлақ» тұрғын алабының ауыз су жүйесін жүргізу барысында қазылған көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары да толығымен жүргізілді

Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы тұрғын алаптарда ауыз су жүйелерінің құрылысы, шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысына бюджет есебінен 206,0 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, тұрғын алапқа қарасты Жайық, Мұзарт, Құрақты, Нарқазан, Алқамерген, Келіншектау, С.Мәуленов, Л.Хамиди, Ж.Сайын және М.Жұмабаев көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды.

Бұдан бөлек, «Көкбұлақ» тұрғын алабының ауыз су жүйесін жүргізу барысында қазылған көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары да толығымен жүргізілді.

Абай ауданы әкімінің айтуынша, Игілік және Қызылжар тұрғын алаптарында шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылады.

 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom