Шымкент: Қаратау ауданында 39,3 шақырымдық жаңа электр желісі тартылды

Аймақ
10.12.2020, 17:09

Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері тозығы жеткен 8 аула толық абаттандырылып, заманауи үлгідегі балалар ойын элементтері мен жаттығу тренажерлары орнатылған

Шымкент: Қаратау ауданында 39,3 шақырымдық жаңа электр желісі тартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Өңірлерді дамыту ісіне қатысты тың тəсіл урбанизация үдерісін басқаруға, «миграция толқынын» кезең-кезеңмен жүргізуге, ірі қалалардағы халықтың тығыз орналасуы мен əлеуметтік шиеленіс мəселелерін шешуге мүмкіндік береді», – деді. Осы орайда Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Биыл аудан әкімі аппаратының ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде тұрғындардан 431 өтініш түсіп, оның 392-сі оң шешімін тапты. Одан бөлек, «Green Line» ЖШС-і өз қаражатына 11 орынға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшасын орнатты. Яғни, аудан бойынша осы жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісімшарт түзу көрсеткіші 98 пайызға жетті, – деді Абзал Шымкентбайұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері тозығы жеткен 8 аула толық абаттандырылып, заманауи үлгідегі балалар ойын элементтері мен жаттығу тренажерлары орнатылған. Сонымен қатар, 10 ашық спорт алаңшасы жаңадан салынып және тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңшасында жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 39,3 шақырым жаңа электр желісін тарту және 9 трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Бұл құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 1 695 тұрғын үй сапалы электр жарығымен қамтылады.

 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom