Шымкент: Еңбекші ауданы бойынша салық түсімі 40 пайыздан асады

Аймақ
10.12.2020, 19:44

Сонымен қатар 100 гектар жерге бастапқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып, келесі жылы құрылысы басталады

Шымкент: Еңбекші ауданы бойынша салық түсімі 40 пайыздан асады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елімізді аумақтық жəне кеңістік тұрғысынан дамыту тəсілдерін түбегейлі өзгерту керек», – деді. Осы орайда Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында теңгерімді аумақтық даму мәселесін көтерді. Қаладағы өнеркәсіп өнімінің 50 пайызға жуығы біздің ауданда өндіріледі. Еңбекші ауданында 360 гектар жерді алып жатқан «Оңтүстік» индустриалды және экономикалық аймақтары орналасқан. Бүгінде қосымша 306 гектар жерге «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни тиісті жерлер анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар 100 гектар жерге бастапқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып, келесі жылы құрылысы басталады, – деді Ғалымжан Молдабайұлы.

Спикердің сөзінше, қаладағы 40 пайыздан астам салық үлесі Еңбекші ауданы аумағына тиесілі. Одан бөлек, аулаларды абаттандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылуда. Жалпы, келісімшарт 6 жылға есептелген. Алғашқы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл кепілдік мерзімі қаралған. Ал келесі жылдан бастап күтіп ұстау бойынша келісімшарт түзіледі.

Айта кетейік, ауданда «Ашық әкімдік» қағидаты барысында тұрғындармен жиі кездесулер ұйымдастырылып, барлық мәселе түбегейлі шешімін тауып отырған.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom