ШҚО-да санитарлық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Аймақ
08.02.2021, 14:08

 Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды

ШҚО-да санитарлық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында (АКЗ1222) санитарлық рейспен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды. Өйткені, ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.

Ұшақ мәжбүрлі түрде Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына қонды. Зардап шеккендер жоқ, ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.

Сұхбат

PhotoRoom