Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс оқыту семинарлары іске қосылды

Аймақ
08.02.2021, 15:23

«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс-қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов осы институтты жүзеге асырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс оқыту семинарлары іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді.

Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты, барлығы 1000-нан астам адам.

Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Іс-шараны ашқан Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Транспаренси Қазақстан социологиялық зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, сұралған бизнестің тек 8,2%-ы 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәжірибесі туралы хабарлады. Кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей және тек құқықтық салада жұмыс істей отырып даму мүмкін деп санайды.

О. Бектенов квазимемлекеттік сектор компанияларының басшылығын комплаенс-қызметтерді құруды жеделдетуге, оларды білікті кадрлармен жасақтауға шақырды.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік сектормен қатар Академиямен парасатты бизнес қағидаттарын қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Ол үшін комплаенс-офицерлерді оқыту модульдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұйымдарды сертификаттау процесі іске қосылды», - дегенді академия ректоры айтты.

«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс-қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов осы институтты жүзеге асырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында еліміздің барлық өңірлерінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom