Түркістанда лас көлік иелеріне айыппұл салынады

Аймақ
11.02.2021, 11:33

Бүгінге дейін 500-ден астам жүргізуші жауапқа тартылған

Түркістанда лас көлік иелеріне айыппұл салынады

Түркістанда сырты ластанған автокөліктердің қозғалысы қатаң бақылануда. Көліктің ластығынан мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін оқи алмайтындай жағдайда болса, көлік иелеріне айыппұл салынады деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әсіресе құрылыс алаңдарынан шығатын жүк көліктері мен автобетон араластыратын машиналарға полицейлер қырағылық танытуда. Көліктердің доңғалақтары мен корпусы балшықтан тазартылған болуы керек.

Құрылыс нысандары көлік жуатын жабдықтармен қамтылып, үлкен жүк көліктері нысаннан шығарда таза шайылуы шарт. Түркістан қалалық Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан құрылыс алаңдарындағы мердігерлер мен жүк көліктерінің жүргізушілеріне ескерту жұмыстары жүргізілуде. Тәртіпке бағынбаған көлік иелеріне бірінші рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда, айыппұл салынады.

Жыл басынан бері заң талаптарын сақтамаған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің – 630 бабы бойынша 511 әкімшілік хаттама толтырылды. Қаладағы автокөлік жолдарын ластағаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері шамамен 3 мың теңге көлемінде. Жағдай қайталанса, 15 мың теңгеге дейін айыппұл салу жүктеледі.

Сұхбат

PhotoRoom