Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Аймақ
15.02.2021, 10:36

Қайтыс болған азаматтардың жеке басы анықталып жатыр

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

14 ақпанда «Алматы-Өскемен» автожолында жол апаты болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдын ала анықталғандай, Nissan Qashai маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған Volvo көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты (Nissan жүргізушісі мен көліктегі 4 жолаушы, сондай-ақ Volvo көлігіндегі бір жолаушы). Қазір қаза тапқан адамдардың жеке басы анықталып жатыр.

Сондай-ақ аталмыш оқиғаға байланысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу басталды.

Сұхбат

PhotoRoom