«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Жаңалықтар
17.02.2021, 10:44

Сот актісімен 3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

16 ақпанда Алмалы аудандық соты Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Сұхбат

PhotoRoom