ШҚО Шыңжаң-ұйғыр автономиясымен байланыс орнатты

Аймақ
05.02.2015, 10:44

Өскеменде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ҚХР ШҰАР Алтай аймағының Халықаралық сауда палатасы өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай,  Шығыс Қазақстанға Қытай Халық Республикасы ШҰАР Алтай аймағынан жұмыс сапарымен арнайы делегация келді. Екі жақты кездесу барысында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ҚХР ШҰАР Алтай аймағының Халықаралық сауда палатасы өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Аталмыш келісімнің мақсаты – өзара ынтымақтастықты күшейте отырып, іскер серіктес табу, сондай-ақ, заңгерлік кеңес қызметін көрсету.

«Шекаралас аймақ ретінде Шығыс Қазақстан үшін қытайлық әріптестермен серіктестікті күшейтудің  маңызы зор. Инвестиция құйылып, жаңа технологиялар енгізілуіне қызығушылық танытамыз. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемінің көрсеткіші жоғарғы. Сондықтан, серіктестікті күшейтуге көрші ел де күш салады деп ойлаймын», – деді ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Қытайдан келген өкілдер өз кезегінде И. Шацкиймен келісетіндіктерін жеткізді. Осылайша, қос тарап көрмелік іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттандыру бойынша қолдау, мәселе туындататын сауалдар төңірегінде бірлесе шешу (кеденде), сондай-ақ, көрмелік-жәрмеңкелік саланы дамыту бойынша келісім жасасты.

Сұхбат

PhotoRoom