Елордада мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды

Әлеумет
01.03.2021, 11:16

Бұл топта вакцина салдыруы мүмкін 15 мыңнан аса адам бар

Елордада мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері және тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметтері бойынша, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар.

Қалада осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін алғашқы 36 медициналық-санитарлық көмек ұйымында вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.

«Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді», - деп толықтырды департамент өкілдері.

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 2126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Өткен демалыс күндері басқарма қоймаларына жеті мыңнан аса доза вакцина жеткізілді.

Сұхбат

PhotoRoom