Алматыда Болатхан Тайжанға арналған мемориалдық тақта ашылды

Тұлға
09.03.2021, 11:13

Алматыда Болатхан Тайжан атындағы көше бар

Алматыда Болатхан Тайжанға арналған мемориалдық тақта ашылды

8 наурызда Сейфуллин даңғылы, 546 мекенжайында мемлекет және қоғам қайраткері Тайжан Болатхан Құлжанұлының құрметіне мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Болатхан Тайжанның (марқұм – ред.) жұбайы мен ұлы, профессор М. Сүлейменов, дипломат Х. Омаров, ҚазҰТУ проректоры У. Сыдықов және ҚР СІМ өкілдігінің басшысы Е. Ысқақов қатысты.

Әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров қоғам қайраткері Болатхан Құлжанұлының қоғамымыздың саяси мәселелерін қалыптастыру мен шешудегі маңызды рөлін және оның еңбегін мемлекеттің жоғары бағалауын атап өтті.

Алматыда Болатхан Тайжан атындағы көше бар. Ендігі оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемориалдық тақта ашылды. Б.Тайжан көп жылдар бойы төтенше және өкілетті елші болып қызметінен кейін Алматыда тұрды.

«Мен бұл идея адам, өз халқына адал адам болғанын айтқым келеді. Ол кадрлық дипломат болды, сол кезде де, қазір де мұндай дипломаттар аз. Өз ісін жақсы білетін және Қазақстан үшін көп іс жасаған адам еді. Өйткені ең қиын кезең – ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары болатын. Алғаш рет байланыс орнатып, жол салу керек болды және Болатхан қай жерде болса да бұл жұмысты өте жақсы орындады. Мысалы, Йеменнің консулы болса да азамат соғысы кезінде оқ астында, өз өмірін қатерге тігіп, кеңес азаматтарын пароходқа апарып, еліне жіберген. Мысырдағы елші болған кезде Қазақстанды әлем мойындау үшін көп күш жұмсады, сондай-ақ Египетте Абай атындағы көшенің ашылуына қол жеткізді. Ал ең үлкен жетістігі – оның  көмегімен Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына кіргені, бұл орасан зор еңбек. Ол маған конференция жабылған соңғы сәтте Қазақстанды осы қуатты, танымал ұйымның мүшесі деп жариялағаны туралы көп айтқан еді. Қай жерде болмасын, ол әрқашан біздің тәуелсіздігіміздің игілігі үшін бәрін жасады», - деді профессор М.Сүлейменов.

Сұхбат

PhotoRoom