Елордада биыл 16 мектеп салынады

Аймақ
11.03.2021, 14:49

Бірқатар мектеп жылыту қазандығынан орталыққа ауыстырылды

Елордада биыл 16 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бірқатар мектептің құрылысымен танысты. Мысалы, Есіл ауданында орналасқан мектеп (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) екі ауысымда 2400 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Соншама орын Алматы ауданындағы мектепте (Қ.Сәтпаев және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысы) құрылады.

«Техника мен адамдарды жұмылдыруды тапсырдым. Оқу орындарын барлық қажетті жабдықтармен қамтып, мектептерге кірме жолдарды ойластыру, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аударуы қажет. Екінші мектеп бойынша да инженерлік желілерге қосылу мәселесін шешуді тапсырдым», - деп жазды әкім.

Әкімнің айтуынша, биыл барлығы 16 мектеп салуды жоспарлап отыр. Оқу орындарын салу кезінде ірі мектептерге көшеді. Осы шаралардың арқасында биыл 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Демек, 2020 жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 еседен астам, ал 2019 жылға қарағанда 4 есе ұлғаяды.

«Мысалы, өткен жылы 11 мектеп салынды. Бұл үш ауысыммен оқытатын мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, ал тығыздалған режимі бар мектептер санын 22-ден 14-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бірқатар мектеп жылыту қазандығынан орталыққа ауыстырылды. Бұл жыл сайын 100 млн теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп жазды қала басшысы.

Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жеке меншік мектептің құрылысы қолданды. Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған.

Сондай – ақ, қолданыстағы оқу орындарына тиісті назар аудару қажет - өткен жылы 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделді. Осы жылы да жұмыстар жүйелі деңгейде жалғаса бермек.

Сұхбат

PhotoRoom