Алматыда ауыр қылмыс жасауға оқталған шетелдік қылмыстық топ өкілдері ұсталды – ҰҚК

Аймақ
12.03.2021, 12:25

Қылмыстық топ мүшелерінің екеуі - Тәжікстан, бірі - Грузия азаматы

Алматыда ауыр қылмыс жасауға оқталған шетелдік қылмыстық топ өкілдері ұсталды – ҰҚК

18 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті полициямен бірлесіп, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ (ТҰҚТ) әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

Үш ер адам – тәжікстандық екі азамат және Грузия азаматының қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталды.

ТҰҚТ мүшелері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, ҚР аумағында астыртын болған.

«Айта кету керек, 2019 жылы топ мүшелерінің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған болатын. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және «ұрылар қауымдастығының» әрекетіне қатысы болған. Олардың бірі кісі өлтіру (қосарлы) бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада «ұмтылушылар» («заңдағы ұрыларға» кандидаттар) мәртебесі бар және «заңдағы ұрылар» Азиз Батукаевпен ("Азиз"), Дэвид Герлианимен («Дато Сван», 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған», - деген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталған азаматтардан 2 жауынгерлік тапанша, 1 келте мылтық, оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылып, алынды.

Топ мүшелері Алматы қаласындағы тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пункттері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды, сондай-ақ олардан тұрақты негізде ақшалай қаражат алу үшін оларды «қамқорлыққа алуды» жоспарлаған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Сұхбат

PhotoRoom