Елордада нөсер кәріздері салынады

Аймақ
12.04.2021, 13:40

«Молодежный» шағын ауданындағы құрылыс биыл аяқталады

Елордада нөсер кәріздері салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада нөсер кәріздерінің проблемасы жайлы қозғады.

«Қолданыстағы нөсер кәріздерінің қуаты жеткіліксіз екенін ескере отырып, жаңа нөсер кәріздерін салу, коллекторларды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз. Кеше қаланы аралау барысында бірқатар нысандарға бардым. Олар бойынша шешім қабылдау қажет болды», - деп жазды.

Мысалы, Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі) сорғы стансалары бар нөсер коллекторының құрылысы жүріп жатыр. Соңғы жылдары оның функциясын бірнеше рет істен шыққан тұрмыстық кәріз жүйесі атқарды. Осылайша нөсер жауын өткізу қуатын бірнеше есеге арттырып, жақын орналасқан көшелер мен үйлерді су басудан сақтайды.

«Жаңа вокзалдың аумағы жыл сайын инфрақұрылымға, инженерлік желілерге (су, электр энергиясы, кәріз және т. б.) жүктеме артатын ауданға жатады. Сол ауданда нөсер кәрізінің құрылысын қайта бастауды тапсырдым. Нөсер кәрізінің қуаты Мыңжылдық аллеясы және вокзал ауданындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғындар мен объектілер санының көбеюіне байланысты одан әрі жүктемелерді ескере отырып есептеледі», - дейді қала басшысы.

Сондай-ақ Ұлы Дала даңғылында орналасқан нөсер кәрізінің проблемалық учаскесін аяқтау қажет.

Сонымен қатар жауын-шашын көп болған кезде су астына кететін бірқатар проблемалық учаскелер бар: бұл - Б.Момышұлы даңғылы, «Молодежный» шағын ауданы және т. б. Олар бойынша құрылыс осы жылы аяқталады.

«Осылайша нөсер кәріздерінің бірқатар проблемалық мәселелері шешіледі. «Молодежный» шағын ауданындағы тазарту құрылысының үстінде абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген алаң болады. Осы бағыт бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргіземіз», - деп жазды қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom