«Жасыратын ештеңем жоқ»: Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды сотқа бермек

Саясат
20.04.2021, 11:02

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары сұхбат берді

«Жасыратын ештеңем жоқ»: Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды сотқа бермек

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамайды сотқа беретінін Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

«Әрбір адамның өз аты мен ар-ожданын қорғауға конституциялық құқы бар. Қазір мен мемлекеттік қызметші емеспін және айыптауларға жауап бермесем де болар еді. Бірақ, ең алдымен мен заңды құрметтейтін Қазақстан азаматымын және қарапайым адам ретінде маған өз атым қымбат. БАҚ-тағы жарияланымдарды анам мен жақындарым оқиды, сол себепті, БАҚ арқылы өз шындығымды айтуға тура келді», - деді ол.

Бауыржан Байбек партия жарғысы, партия мүшесінің этика кодексіне сай әрекет ететінін және сотта Мамайдан нақты құжат жүзінде дәлелдер күтенінін айтты.

«Партияның этикалық кодексі мен жарғысына сай азаматтық, әкімшілік процессуалды тәртіп аясында ресми түрде Жанболат Мамайды сотқа беретінімді мәлімдеймін. Менің жасыратын ештеңем жоқ. Меніңше, әрбір адам ресми түрде мәлімдеме жасап, оны видео ретінде таратпас бұрын, демократия дегеніміздің жауапкершілік екенін түсінуі тиіс. Мен мұндай әрекетке болашақта Мамай сындылар ешқандай кінәсі жоқ адамдарды айыптамас үшін барып отырмын. Елбасы әрдайым «ар-ұятың таза болып, өзіңе сенімді болсаң, бар да әділ сот арқылы қорға» дейтін. Қазір сот отырыстарының бәрі онлайн және ашық түрде өтіп жатыр. Айыптаушы сотқа қандай да бір құжаттарын алып келіп көрсетеді деген үміттемін», - деді Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын YouTube желісінде Жанболат Мамайдың «Бауыржан Байбек: коррупционная бизнес-империя сына однокласника Назарбаева» деген атаумен видеосы жарияланды.

Сұхбат

PhotoRoom