Елбасы тағы бір лауазымнан бас тартып, төрағалықты Тоқаевқа тапсырды

Саясат
28.04.2021, 16:50

Қазақстан халқы Ассамблеясы - Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган

Елбасы тағы бір лауазымнан бас тартып, төрағалықты Тоқаевқа тапсырды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартты, төрағалықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

«Ассамблеяның барлық мүшесіне маған осы уақытқа дейін қолдау көрсетіп келгені үшін алғысымды айтамын. Бұл өте маңызды. Бірақ, баршаңызға белгілі, менде ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы бар. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Құзыреттің біразы Мемлекет басшысына жүктеледі. Яғни, барлық мәселеге бір адам жауапты болуы тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырамын», - деді Елбасы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президентінің жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.

Сұхбат

PhotoRoom