Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Аймақ
04.05.2021, 14:31

Жақсығали Иманқұлов бұған дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Бүгін аймақ басшысының өкімімен Жақсығали Иманқұлов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жақсығали Иманқұлов Орынбор ауылшаруашылық институтын, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехнигі, «Мағаджан» кеңшарының директоры, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

Әр жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын, Тобыл-Торғай экология департаментін, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментін басқарды.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.

Сұхбат

PhotoRoom