Елордада салынатын жаңа көпір мен бульвардың эскизі жарияланды

Аймақ
17.05.2021, 15:48

Нұр-Сұлтанда қандай қоғамдық кеңістіктер пайда болмақ?

Елордада салынатын жаңа көпір мен бульвардың эскизі жарияланды

Елордада биыл жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті

«Қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екендігін ескере отырып, биыл оларды кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз.

Мәселен, Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. Толқын тәрізді аллея аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл Триатлон паркін жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз. Бөртегүл бақшасы болады», - деп жазды қала басшысы.

Былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыруды басталды. Сондай-ақ қалада алғаш рет көпір алаңдары абаттандырылды. Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылды, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл көпір - Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл да жалғасын табады.

«Мысалы, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т. б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі - аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кірісуде. Бұл «бетон орындар» санын азайтады. Мысалы, «Астана Опера» аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ пайда болмақ.

«Қазір барлық жерде ағаш отырғызылуда. Өзім де қаланы көгалдандыруға қатысамын. Қаланың барлық аудандарын, соның ішінде елді мекендерді көгалдандырамыз. Ағаш отырғызуға қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер де қатысатыны бізді қатты қуантады. Осы жылы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде қаланың жасыл түске айналғанын, жаңа экоаймақтар мен «жасыл аралдар» пайда болғанын көруге болады.

Елорданы «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Осы жылы жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom