Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Жаңалықтар
15.06.2021, 10:30

Мейрам Пшембаев 2007-2021 жылдары Мәжіліс депутаты болды

Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Мейрам Пішембаев ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мейрам Құдайбергенұлы 1959 жылы 29 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2004 жылы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы.

2013 жылдан бастап «Атемекен» ҚР ҰКП төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007-2021 жылдары Мәжіліс (IV, V, VI шақырылымдарда) депутаты болды.

«Достық», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталған.

Сұхбат

PhotoRoom