Жаңа отандық вакцина сынағына қатысатын еріктілерге 200 мың теңгеден беріледі

Әлеумет
17.06.2021, 10:57

Клиникалық сынақтан өтуге 20 адам өтініш берді

Жаңа отандық вакцина сынағына қатысатын еріктілерге 200 мың теңгеден беріледі

Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп хабарлайды КТК.

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде. 44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады. Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Дәрігерлер екпе салар алдында әр адамның денсаулығын қатаң тексереді. Әзірге қос кезеңге 244 адам таңдалған. Бүгін клиникалық сынақтан өтуге 20 адам өтініш берді.

Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады. Оған 200 адам қатысады.

«Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ. Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз», - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.

Сұхбат

PhotoRoom