Биыл ШҚО мерекелерге 4500-ден аса шара өткізеді

Аймақ
05.02.2015, 14:36

Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын, ҚР   Конституциясының 20 жылдығын, ҰОС Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын және Ұлы Абайдың 170 жылдығын тойлайды.

Бұл мерекелерді тойлау аясында ШҚО-да 500 мыңдай адам қатысатын 4500-ден астам шара ұйымдастыру көзделген.  Бұл туралы брифингте облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті.

«Ауқымды мерейтойлық шараларды өткізу бойынша Ұлттық жоспар жасалып, бекітілді.   Облыс деңгейінде де тиісті кесте жасалды, оны облыс басшысы  Даниал Ахметовн бекітті. Бұл шаралар бір жыл бойы аймақтың барлық қалалары мен аудандарында өтеді», - деді Ж. Омар.

6 ақпанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуы» шарасы өтеді.

«Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуы шеңберінде «ҚХА-ға 20 жыл - 20 игі іс!» эстафетасы басталады. Оған облыстағы этномәдени бірлестіктер қатысады.

Облыста 9 Достық үйі бар. Биыл Достық үйлері мен этномәдени бірлестіктер арасында  «Күшіміз бірлігімізде» спартакиадасын өткізуге ұйғардық,- деп қосты әкімнің орынбасары.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған облыстық және аудандық деңгейде барлығы 100 шара өтеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығынан.

Сұхбат

PhotoRoom