Тоқаев Ауғанстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Саясат
15.08.2021, 16:26

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді

Тоқаев Ауғанстандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптер ел астанасын барлық жағынан қоршауға алған.

АҚШ Кабулдағы елшілік қызметкерлерін тікұшақпен шұғыл көшірді. Осының алдында содырлар Жалалабад және Мазари-Шариф қалаларына бақылау орнатқан болатын. Шаһарлардағы үкімет әскері соғыспай беріле салған.

Сұхбат

PhotoRoom