БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ Ауғанстаннан Алматыға келді

Жаңалықтар
23.08.2021, 18:43

Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді

БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ Ауғанстаннан Алматыға келді

БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Ауғанстаннан Алматы қаласының әуежайына келіп қонды. Ұшақ бортында 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді», - деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неге Алматыда орналасқанын түсіндірген еді.

19 тамызда Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлері мінген алғашқы ұшақ Алматы әуежайына қонған еді.

Сұхбат

PhotoRoom