Қарулы күштердің әскери қызметшісі оқу-жаттығу кезінде қайтыс болды

Жаңалықтар
16.09.2021, 10:04

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсетілетінін айтты

Қарулы күштердің әскери қызметшісі оқу-жаттығу кезінде қайтыс болды

14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты.

Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұрын ол парашютпен секіруді 50 шақты рет орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

Сұхбат

PhotoRoom