Алматы облысында ҚызПУ мүлкін ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Жаңалықтар
14.10.2021, 14:52

Олардың қатарында ЖОО-ның экс-қызметкері, әкімдік қызметкерлері де бар

Алматы облысында ҚызПУ мүлкін ұрлады деген күдіктілер ұсталды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшыларын 2018 жылы болған Кемертоған кентінде орналасқан ауданы 9,0 га жер телімі түріндегі университеттің мүлкін ұрлады деген күдікпен ұстады. 

Университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген және жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, кейін адал сатып алушыларға сатылған. 

Аталған тұлғалар қылмыстық ізін жасыру және жер телімін университет балансына (жалған) қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген. 

Бүгінде күдіктілердің бәріне сот санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Тергеу жалғасуда, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom