Жамбыл облысында әкімге айыппұл салынды

Аймақ
26.10.2021, 15:51

Әкімдік жарғыда көзделмеген қызмет түрі бойынша шарт жасасқан

Жамбыл облысында әкімге айыппұл салынды

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Тексеру қорытындысы бойынша Бауыржан Момышұлы ауылының әкіміне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-бабының 1-бөлігі бойынша 875 100 теңгені құрайтын 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықталғандай, аталған коммуналдық мекеме «Жасыл-Жуалы» ШЖҚ КМК-мен жарғысында көзделмеген абаттандыру қызмет түріне шарт жасасқан. Бұл - монополияға қарсы департамент хабарлама шығарған сәттен бастап 1 жыл ішінде қайталанған ұқсас бұзушылық.

Сұхбат

PhotoRoom