Астананың экс-әкімі қайтыс болды

Тұлға
01.11.2021, 18:17

Темірхан Досмұхамбетов Спорт және туризм министрі қызметін атқарған

Астананың экс-әкімі қайтыс болды

73 жасында ҚР туризм және спорт экс-министрі, Астананың экс-әкімі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов қайтыс болды. Қайғылы хабарды Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жариялады.

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұжымы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бақылау кеңесінің төрағасы Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады», - делінген агенттіктің Facebook-тегі хабарламасында.

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов 1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтын, ал 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Профессор.

Институтты бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет өткерді.

1973-1985 ж.ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің денешынықтыру және спорт кафедрасы ҒЗЖ техникалық бөлімінің оқытушысы, ассистенті, аға оқытушысы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1985-1991 ж.ж. - "Еңбек резервтері" БЕСҚ Қазақ республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы.

1991-1996 ж.ж. - "Яссауи" Туризм жөніндегі мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті.

1996-1997 ж.ж. - Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі.

1997-1998 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт жөніндегі комитетінің төрағасы.

1998-2003 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.

2003-2004 ж.ж. - Астана қаласының әкімі.

2004-2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.

2006-2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Нұр-Отан" Халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қосымша лауазымдары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті;

Дүниежүзілік туристік ұйымның вице-президенті;

Азияда Олимпиада комитетінің вице-президенті;

Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері жөніндегі федерациясының президенті;

XII сайлаңған Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің халық депутаты.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерімен, Ресей Федерациясының "Халықтар достығы" орденімен марапатталған.

"КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атақтарын алған.

Үйленген, екі баласы және үш немересі бар.

Сұхбат

PhotoRoom